Албырт шақ

Бұл бетте «Албырт шақ» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3088
Жас кезіңде биік болар арманың,
Бақыт әнін шырқап тұрар жан-жағың.
Өткен күндер өзгеше бір қызықты,
Ғажайып боп елестейді алдағың.
Өмір бойы кім серілік құрыпты?
Мойындайсың ата салт пен ғұрыпты.
Бойдақтықтың ауылынан алыстап,
Мойыныңа ілдіресің құрықты.
Өзің де жас, жарың да жас, көңіл - гүл,
Аспан ашық, көкжиегің көгілдір.
Кенелесің бір көл-көсір бақытқа,
Мәңгі есте қалатұғын кезің бұл.
Құдайдай-ақ сенесің сен досыңа,
Көбейесің, досыңа дос қосыла.
Жақсы, жаман бір жүрерін ойлантпас,
Еш алаңсыз албырт шағың осы да!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Албырт шақ өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Албырт шақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Албырт шақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Албырт шақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері