Керіліп керегедей
Бұл бетте «Керіліп керегедей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келе ме көздің жасы төгілгісі,
Кеудемнің көтерілді шөгіндісі.
Керіліп керегедей тұрушы еді
Тауымның қызылжасыл тобылғысы.
Қыраттың құлпырғанда тобылғысы,
Сайрайтын сан құбылып көңіл құсы.
Талпынып балапандай жүрегім де,
Келетін күн нұрына шомылғысы.
Қиқулап құстар келген сол күндерде,
Тобылғы бүрлеуші еді торғын белде.
Аспанның асты түгел жұпар шашқан,
Жұмағын жер бетінің көрдіңдер ме?
Бақыттан қылмаған соң тағдыр кенде,
Жұмақтың жұпарынан сордым мен де.
Сол жұмақ Тарбағатай бөктерінде,
Жер емес жеткізбейтін жол жүргенге...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі