Наза
Бұл бетте «Наза» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайқы мүйіз тағдырға
Тайқы маңдай соғылды.
Қан аралас жаңбырға
Қарашығым шомылды.
Ала құйын үйірген,
Шөлді кездім текке бір.
Оқ тигендей бүйірден,
Бүк түсумен өтті өмір.
Шашылғаным жиылмай,
Бүтін іргем сөгілді.
Ырыздығым бұйырмай,
Итаяққа төгілді.
Атымды есек тістесе,
Жар бол, Алла тағала!
Сенің көзің түспесе,
Пенде көзі – ноғала.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі