Өлең, жыр, ақындар

Табиғат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2522
Тау рухы ешкімнен сый күтпейді,
еріп кетсін сай-жыра жидіп мейлі.
Еркеленіп оралса бұлт мойнына,
кекірейіп кәрі шың илікпейді.
Тосырайып тас жатыр — о да өкпелі —
кінәлайсың, досым-ау, не деп мені.
Кетісті, әне, екі шың, ешқайсының
бабын таппай жел байғұс дедектеді.
Жасыл бұта қалқиып құлақ түрді,
бір құлақты жел жұлып лақтырды.
Ақ қайыңның табалап аңқаулығын
көгалға аунап көгала бұлақ күлді.
О бастағы жарасым былай қалып,
тартысып тұр табиғат — құдайға анық.
...Болған сайын көз мөлдір — көкей қуыс,
көп жігіттің сөзі жүр ылайланып.
Кінәладым, үңілдім, көп қарадым,
келісім мен жарасым — жоқтағаным...
Атыраудан аңқылдап шыққаныммен,
Алатауға тіреліп тоқталамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Табиғат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Табиғат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табиғат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері