Тепе-тең – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тепе-тең» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1220
Ей, Алатау, саған бұл
не болды жер бауырлап?
Бұлты қонып ғаламның
жатырмысың ауырлап?!
Сұрқың сынық бір түрлі,
күлдей сұрғылт қар түсі.
Ауырласаң, бұлтыңның
маған-ақ арт жартысын.
Көрмейінші мен сені
көңілсіз бұл кейіпте.
Не басса да еңсені —
бөліп көтерейік те.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері