Найза-қара
Бұл бетте «Найза-қара» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өз тұсынан о дағы
қарғып шығып, қалды үздік —
қиын,
қиын соғады,
шың болсаң да, жалғыздық.
Тұрған бойы күпірлік,
күпір,
күпір, масқара;
жараспаған бұ тірлік
жаратқаннан басқаға.
Баяғы сұс, кәрі айбын,
кімге керек көктігі?
қар да тұрақтамайды,
қатаяр да жоқ түгі.
Кетіпті тым әріге,
ақ бұлттардан әрі асып.
Қатар өссе бәрімен
тұрар еді-ау жарасып.
Қатал тағдыр кез келді,
аяр пенде жоқ әлі.
Ортасынан безгеннің
обалы жоқ, обалы.
Өзгелерден,
мұндар жан,
өскенің жөн ептеп кем:
ол — безген жоқ шыңдардан,
шыңдар оны шеттеткен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі