Қисық бұта
Бұл бетте «Қисық бұта» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Терістіктен өкпек жел тұрды — мейлі
еске салды осы жел бір дүлейді...
Шыға қашты ақ түтін мұржалардан —
шөп басында ақ түбіт үлбірейді.
Кәрі қойшы жетектеп қотыр атын,
отыратын аңырып, не тұратын.
қотыр мұржа түтінін түйдектетті —
әжем өстіп жүн түтіп отыратын.
Қисық бұта, құшақтап сүйші мені,
көңілім бір жетімдік түйсінеді.
Қисық бұта, көзіме жылысың сен —
әжемнің де қолдары қисық еді.
Мұңы бітпей тұр ма анау талдың әлі,
бір зіл басып буынып талдырады.
Жарқырап-ақ келіп ем, соны көріп
менің дағы қабағым салбырады.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі