Өлең, жыр, ақындар

Өзара сын

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Кешір, кешір, өзіңді Хақ-тағалам
сәл әзілдеп, артынан ақтап алам.
Бастығым бар — ол әзіл көтермейді,
құрдасым бар — ол өзің атқан адам.
Көңілдің келе-келе аңғарғаны:
сын тыңдар сенен өңге жан қалмады.
Не керек періштелер пері қанат,
не керек сайтандардың сандалғаны.
Өзіңнен мәулет алып батылдана
кінә қоям — мақұлда, мақұлдама —
"Сен дағы құр атақтың құлы екенсің,
құдай деген — қауқиған атың ғана" —
деді ақын.
Шапқа түртіп ұлыларды,
өзінің енді оңбасын біліп алды...
Сонсоң ба?
Сонсоң аспан шатыр етті —
әлгі ақынның бір шөкім күлі қалды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық

  • 0
  • 0

Кім үзеді өзі әлсіз, жіңішке ойды?
Тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ шыңды бұлт болып буды қайғы,
бірақ бұта дамылсыз судырайды.

Толық

Байронға

  • 0
  • 1

Уа, керемет!
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,

Толық

Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім

  • 0
  • 0

Бір бүйірде қызса деп ем өлеңім,
бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.
Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім,
ақымақты ойландырсам деп едім.

Толық

Қарап көріңіз