Алматы қайыңдары – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Алматы қайыңдары» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2438
Сымбатына тұра алмайсың сұқтанбай,
Сол көркімен көп нәрсені ұтқандай.
Өңшең ару сыбыр-сыбыр сыр айтып,
Тауға қарай серуендеуге шыққандай.
Келеді олар қанатында шат күйдің,
Бірге ілесіп кетуге мен шақ тұрмын.
Ақ қайыңдар көлбей конған көлге кеп,
Көгілдірі дерсің бейне аққудың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері