Бұл бетте «Аңсау» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.11.2015
0
0
2825
Сағыныш жүрекке мөр басыпты мың,
Келемін талай қырдан асып бүгін.
Кеудемнен қиял құсы сен деп ұшса,
Білінбей кетеді екен қашықтығың.
Дей алман: «Өзің келіп бас ұр маған»,
Мен қайта сені іздеймін асыл далам.
Туғаннан көз алдымда көлбесең де,
Құмарым бір сәтке де басылмаған.
Қолыма бұрын-соңды ілікпеген,
Гүлімен қарсы алып тұр, күліп белең.
Бұл жасым жерортаға таяғанда,
Енді-енді қадіріңді біліп келем!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі