Бұл бетте «Көңіл» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүр жарды, әне, бір бұта
Жасыл тартты кең өлкем,
сол болар деп күні ертең
саялайтын көлеңкем,
үміт еттім, мен соны
Сүйеу көрдім, бір түрлі
Жалғыз бұта — орман боп
Желден қорғар сықылды.
Жалғыз жапырақ сарғайды —
Күз желі алды кеудемді.
Маған қонды бар қайғы,
Сарғаям-ау мен де енді
Деген ой жеп, көңілімді
Күмән алды — күмән сол:
көктемейтінге ұқсады
Жалғыз ағаш бұдан соң.
Бір көгеріп дүние,
бір сарғайса — алды ашық.
Өтіп жатыр уақыт
Көк, сарысы алмасып.
Күз келерін қайғы етпе,
Күзде бүкіл ырыс-бақ,
қуару үшін күз құсап
ең алдымен көктеу керек дұрыстап.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі