Бұл бетте «Менің жолдарым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаным біреу,
екі айрылды бір сенім,
бірін таңдау керек болып тұр соның.
Жыр жазып ем кеше де ыстық бу атып,
ертең, бәлкім, романға кірісемін?!
Белгісіздеу: қай жолды әлі көздерім,
бірақ, бірақ екеуі де — өз жолым.
Жыр жазар ем,
Қара сөз де жазар ем,
таза жыршы,
прозаикпін таза мен.
Қайрат та бар,
қайратқа еңбек, талап тең,
Уақыт біреу,
ғұмыр біреу тек, әттең!
Менің жолым — екі тарау болып тұр,
сырбаз досым, сыншыларға соны ұқтыр.
Маған, маған көңіл-күй бер,
ортайсам
Мені, мені денсаулықпен толықтыр.
Жолым — екеу,
екі айрылды бір мақсат,
бір жақтан — сөз,
бір жағымнан жыр қақсап
ауру тістей мазалап жүр.
Осы бақ:
Жыр — сері ғой,
Қара сөз жүр асырап.
Бірді жырлап,
Жасаймын деп мың кейпін,
отыз тістен шығады ойнап тіл бейпіл.
Араласып кетсе меңде күлкі, мұң —
Мен де бейне күздің қоңыр бұлтымын,
Жел қысқанда не жауарын білмейтін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі