Бұл бетте «Ат пен машина» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылқының шын бағасын беріп тұрып,
Алдық біз машинадан көлік мініп.
Шапшаңдық шылауында кете бардық,
Көңілге бір керемет желік кіріп.
Жүрісі машинаның құйын-елес,
(Егесу машинамен, қиын егес).
Тұлпарды талдыратын тәуліктік жер,
Моторлы машинаға бұйым емес.
Жылқының азайды деп ақтар ісі,
Көбейді машинаны мақтар кісі.
Адамның делебесін қоздыратын,
Азайып бара жатыр aт жарысы.
Біздерден барлық сырды «оқып алып»,
Шырадай көздерінің оты жанып.
Басын caп маишнаның капотына,
Тұрады қыл құйрықтар оқыранып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі