Орта

Бұл бетте «Орта» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Менің беті-қолымды
Жапырақтың жас сыбдыры дуалы,
Құстың даусы,
Күн шуағы,
Су әні
әлсін-әлсін, әлсін-әлсін жуады.
Судай таза тірлігіме,
Әрі ізгі
бәрібір шаң қонатұғын тәрізді —
жумаса да болатұғын тәрізді.
Шаңырақ-аспан жапқанда бұлт-түндігін,
Шуақсыз да жүріп жатар тірлігім.
Сыңғыраған көк күмісін ақтармай,
бұлақ қатып бауырлаған шақтарда —
уақыт жылжып жатады ғой, бәрібір,
бәрібір ғой, бәрібір ғой, жарығым:
Жапырақ түсіп, бұта қалды,
Жел, әне,
сида ағашты сипалаған болады.
Бәрібір ғой, төгіледі бал-әнім,
Жапырақсыз да сусылдайды қаламым.
"Бесік жырын" айтпаса да, ал, әне,
бапты ананың баласы ұйықтап барады.
Заманына сай туса да талабы
Сайрамаған құстар бізде көп әлі —
Өз ұясын іздемесе — тоңады,
өз бұтасы қураса да — қонады.
Тау ма, мейлі,
әлде көл ме қоғалы,
Жел де өзінің жолдағысын соғады.
Соқпаса да уақыт өтер, бәрібір,
бәрібір ғой, бәрібір ғой, жарығым.
Сырттай көрсең:
бір-біріне қатысы жоқ секілді,
Шығысы жоқ,
батысы жоқ секілді.
Осыларсыз,
осы ортасыз ал, бірақ
өмір сүрем деудің өзі — сандырақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орта өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Орта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері