Өлең, жыр, ақындар

Әке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 2
  • 8351
Алға қарай басып келем нық қадам,
Дауылдарға арқа тосып ықтаман.
Әке, өзің от кешуге кеткенде,
Сәби екем қырқынан да шықпаған.
Ол жылдардың біліп өстім мән-жайын,
(Жүректе жыр, көмейімде ән дайын).
Бір сипар деп сенің алақаныңды,
Аңсап келе жатыр әлі маңдайым.
Берілгем жоқ буына арзан желіктің,
Алға қойған мақсатыма берікпін.
Сұрапылға аттанған сол жылдағы,
Әке, сенің жасына да келіппін.
Келемін мен еңбек етіп, тер төгіп,
Осылайша жақындайды ертеңім.
Тіледің де ұлым аман болсын деп,
Қызыл отқа кеттің өзің өртеніп.
Жасыра алман көңілімде мұқ барын,
Бір өзің деп үздігумен жұр жаным.
Алып барам соғыс жайлы киноға,
«Атам қайда?» деп сұраса ұлдарым.
Шашылмайды енді менің тұнығым,
(Сескенгенге сенім деген тық ұгым).
Мәуесі мол шынар болды бұл күнде,
Әке, өзің еккен бір тал шыбығың.
Мен де бағбан, жүре алмаймын найқалып,
(Әке, өзіңе ұқсастығым байқалып),
Күні ертең-ақ ну орман боп кететін,
Шыбықтарым келеді өсіп жайқалып.
Тұла бойға қуат тасып от жүрек,
Шынарларым шыға келер көк тіреп.
Төкіректі жіті шолып тұрмын мен,
Орманыма өрт түспесін деп тілеп!


Пікірлер (2)

Гүлнұр

Жарамайды

Ayazhan

МЕН ЖАТТАП ЖАТЫРМЫН КҮШТІ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Әке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері