Мен аңсаған ол көктем алыстады –
Гүлманат Әуелхан
Бұл бетте «Мен аңсаған ол көктем алыстады» атты Гүлманат Әуелхан жазған табиғат туралы өлең берілген.
Мен аңсаған ол көктем алыстады,
Тағдыр солай таңдарға табыстады.
Айдың көріп суретін су бетінен,
Арманыма қол создым ғарыштағы.
Нұрын үйіп төгеді, тағы күн кеп.
Махаббаттың, санамда бағы гүлдеп.
Өмір тұрар қуану, жұбанудан
Сенімімнің шырағын жағып, үрлеп.
Қажыып көңіл даңғазамен, мақтаннан,
Шытынадым, шағылуға шақ қалғам.
Көкке қарап бар сырымды ақтарғам,
Заманалар тамырында аққан қан.
Мезгілдердің қабағынан сыр ұғып,
Алға қарай сүйрелейтін бір үміт.
Жанарымның жұлдыздары шашырайды)
Уақыттың кірпігіне ілініп.
...
Мен сүйетін ол көктем алыстады,
Тағдыр солай таңдарға табыстады.
Айдың көріп суретін су бетінен,
Арманыма қол создым ғарыштағы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі