Бейтаныс ару – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бейтаныс ару» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3273
Қосылма, қосыл мейлің, еріктісің,
Түседі бірден көзге көрік, мүсін.
Ажары сол арудың тұрады ылғи,
Алматы апортының беріп түсін.
Ол менің емес тіпті танысым да,
(Беймаза ой соңғы кезгі табысым ба?)
Алдыңнан шыға келсе, алқынасың,
Адамдай түсіп тұрған жаны сынға.
Әйтеуір, көңіл шіркін алабұртып,
Бақшамнан жыр құсы да барады үрки
Көгінен көңілімнің кетпей қойды ол,
Бейне бір бұла мінез бала бүркіт.
Десек тe бір қарап-ақ ұғалықшы,
Нәркес көз тырп еткізбес бұғалық шын.
Аруым, қарсы келсек, сен өзің де,
Ұрланып қарайтынды шығарыпсың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейтаныс ару өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Бейтаныс ару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейтаныс ару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейтаныс ару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері