Марфуға

Бұл бетте «Марфуға» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Құйылған өлең­-жырдан бар тұлғасы,
Қазақтың маржан төккен Марфуғасы.
Аққудай қанатыңды еркін қағып,
Астана аспанында жарқылдашы!
Тереңнен ақтарылса сөз тұнбасы,
Сезімнің саған аян сарқылмасы.
Төрінен ақ сарайдың осынау бір,
Сараның сіңлісі, саңқылдашы!
Апатай, жасқанбашы, тартынбашы,
Жүйріктің жұртқа мәлім алқынбасы.
Жөңкілген Жетісудың өзеніндей,
Төгілші, тасқындашы, қарқындашы!
Елімнің еркелеткен Марфуғасы,
Есіліп ақ жібектей толқындашы.
Ілияс ағасына тартып туған,
Өзге емес, қазағымның қолтумасы!
Ақынның ардақталса алтын басы,
Бақыт жоқ одан асқан ең турасы.
Сағыныш өртегенде өзегіңді,
Сайрамның самалымен салқындашы!
Келгенде қара өлеңнің Марфуғасы,
Халайық, көңіл қойып, сәл тыңдашы.
Қайтемін тағдырына терең бойлап,
Белгілі өзінен сөз артылмасы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марфуға өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Марфуға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марфуға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Марфуға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері