Бұл бетте «Мүскін пенде» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мүскін пенде, өзіңді-өзің сонша неге қинадың,
Жүрегіңде болмаған соң аузыңдағы иманың?
Астан-кестең тасығанда аласұрған замана,
Салындыдай суға кетер бұл бес күндік жиғаның.
Сайқал дүние көзіңді алдар қызыл-жасыл боянып,
Абжыландай лебі тартар ентелесең таянып.
Қайта анаңнан туғандай боп тазарасың күнәдан,
Бозторғайдың жырын тыңда, таң сәріден оянып.
Тамылжыған сол бір шақта таңның жүзі албырап,
Рахатқа бөленеді қара тас та балбырап.
Сен де сонда тебіреніп, түбін ойла тірліктің,
Түссең-дағы көк аспаннан екі аяғың салбырап.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі