Біз сыр ашқан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Біз сыр ашқан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2341
Қоштасқан соң қызулы шақтарыммен,
Елтімейтін болыппын бақтағы үнге.
Бірақ сонау қызығы мол күндерді,
Көкірегіме мәңгілік сақтармын мен.
Сағыныштың кеудемде нұры жанып,
Әкетеді ойымды бұрып алып.
Біз сыр ашқан адал дос ақ қайыңға,
Жүр-ау қазір бозбала іні барып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері