Бір сәттік мойындау
Бұл бетте «Бір сәттік мойындау» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».
Жан емеспін өйтіп-бүйтіп амалдар,
Жалғандықты тез байқайды адамдар.
Жыр алдында көтердім мен ақ жалау,
Қайтем, егер алынбаса қамалдар.
Мына ойды келем әбден пысықтай:
Тек жүрейін, жұрттың ішін пысытпай.
Жалпақ елді жалт қаратар жырым жоқ,
Болмайыншы сүтке тиген мысықтай.
Өлеңшілден өлермендер үмітті,
Жасық жырмен кім биікке шығыпты.
Атам қазақ жазғырмаған, сыйлаған,
Жеңілгенін мойындаған жігітті!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі