Туған күнге тілек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Туған күнге тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1047
(Иманғали Нұрғалиұлына)

Жастайыңнан самғап ұштың,
Заманыңмен сен жарыстың.
Қайтпас, қайсар жігері бар
Мінезіңде жолбарыстың.
Арпалыстың елің үшін,
Жолын қумай жанбағыстың.
Жақсылықтың тұнығынан
Хас тұлпардай жалдап іштің.
Құбылмадың құбылса да
Жалған дүние – алдамыш күн.
Адалдарға құшақ жайып,
Арамзамен сан қағыстың.
Елбасыға жасай білдің
Кереметін қолғабыстың.
Барған жерде бағы жанды
Өз қолыңа алған істің.
Енді, міне, ел айбыны –
Басындасың Қорғаныстың!
Желтоқсанда туған ұлсың,
Қылаулатып қардан ұшқын.
Аман болғай тіл мен көзден,
Алдаспаны ар-намыстың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері