Естайды еске алу – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Естайды еске алу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1391
Қорландай асыл жарды арман еткен,
Аһ ұрып, ақын Естай зарлап өткен.
Қабағы тас түйілген тағдыр барда,
Қай кезде дегеніне пенде жеткен?
Талайлар айыға алмай қасіреттен,
Қаулаған қызыл өртті кешіп өткен.
Өмірде Естай ғана жалғыз әнмен,
Бір қызға бар жігітті ғашық еткен.
Жаңғыртып ұлан­-байтақ кең өлкесін,
Шырқайды ұрпақ мәңгі ән еркесін.
Бұл күнде аласұрып мына біз де,
Қорланның іздеп жүрміз көлеңкесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері