Бұл бетте «Келші, жастық» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайран жастық, қайдасың, қайран дәурен,
Күндеріңді өткіздім сайрандаумен.
Қайта айналып сен маған оралмайсың,
Дөңгеленіп он екі ай айналғанмен.
Қайырмасы:
Қызыл гүлдер – қызық күндер,
Құдіретіңе табындым.
Жаз дәуренім,
Наз дәуренім,
Сағындымау, сағындым.
Күнің қандай жақсы еді таңдандырған,
Түнің қандай тәтті еді алдандырған.
Мың күнімді қазіргі қияр едім,
Бір күніңе кешегі арман қуған.
Қайырмасы.
Бақтарыңмен армансыз сырласайын,
Бұлбұлыңмен алаңсыз мұңдасайын.
Келші, жастық, ғайыптан келші маған,
Өкінбестей қайтадан бір жасайын.
Қайырмасы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі