Қайран өмір – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайран өмір» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1924
Қайран өмір,
Қайда жібек самалың майда қоңыр?
Сенген жанның жанымда бірі де жоқ,
Күнге де бір, қараймын айға да бір.

Қайырмасы:
Бәрі де арман,
Бәрі де жалған,
Осы екен ғой өмір деген.
Осы екен ғой, бауырым, өмір деген.

Қайран заман,
Қайда тартып барасың, қайран қалам.
Дұшпаным жоқ, қасымда достың бәрі,
Күндерімді сағындым сайрандаған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері