Сен екенсің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сен екенсің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1505
Жабықсам көтеріп көңілімді,
Жайнайсың күліп күндей.
Кей кезде өзіңнің қадіріңді
Біле алмай жүріппін ғой.

Қайырмасы:
Сенімді серігім сен екенсің,
Шалқыған шаттығым, мерекемсің.
Сүйкімді қылығың,
Шайқалмас тұнығым,
Бақытым, берекемсің.
Жақында қасыма,
Сен барда басыма
Қара бұлт неге төнсін?!

Жүректің төрінде қалатұғын
Аяулы сезімсің ғой.
Адассам айналып табатұғын
Қазығым өзіңсің ғой.

Қайырмасы.

Жаныңның нұрына жалындаған,
Өртеніп күйіппін ғой.
Қайтесің өкпелеп, жаным, маған,
Бір сені сүйіппін ғой!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері