Әбіштің Шұғамен қоштасуы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Әбіштің Шұғамен қоштасуы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Шұғажан, қош, аман бол оралғанша,
Қапыда кетіп барап, амал қанша?
Алысар арпалысып сүйген жүрек,
Түнекке мәңгі­-бақи қамалғанша.

Қайырмасы:
Қош, есен бол, Шұғажан,
Жалғыз сен бе жылаған?
Тағдыр жолы,
Тағдыр жолы бұралаң.

Көнсем де махаббаттың азабына,
Көнбеспін Қарасайдың мазағына.
Кетсем де жер түбіне оралармын,
Тосыннан кез болмасам ажалыма.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері