Қоңыр жел – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қоңыр жел» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2566
Әндетіп құстар келгенде,
Қонғанда көлдерге,
Сені аңсап шықтым белдерге,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы:
Анамның әлдиі,
Даламның ән­-күйі,
Емілден ескен қоңыр жел!

Таң атып тұнық кеудемде,
Көктемді көргенде,
Жанымды желпі шерменде,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы.

Бұрымын гүлдер өргенде,
Жалықпа тербеуге.
Жүрегім саған шөлдеуде,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері