Той бастар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Той бастар» атты Несіпбек Айтұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2779
Жайнаған гүлі өмірдің
Солмасын, солмасын!
Қарлығаш құсы көңілдің
Самғасын, самғасын!
Домбырамды қағайын,
Әсем әнге салайын,
Той басталды, міне, міне, ағайын!

Қайырмасы:
Қуанышқа шашу шашайық,
Жас келіннің бетін ашайық!
Толтыратын ортаны,
Той көбейсін торқалы,
Ән мен күйге, биге басайық!

Сайраған тілі ақынның
Талмасын, талмасын!
Арасын алыс-жақынның
Жалғасын, жалғасын!
Домбырамды қағайын,
Әсем әнге салайын,
Той басталды, міне, міне, ағайын!

Қайырмасы.

Киесі жер мен аспанның
Қолдасын, қолдасын!
Басына бақыт жастардың
Орнасын, орнасын!
Домбырамды қағайын,
Әсем әнге салайын,
Той басталды, міне, міне, ағайын!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері