Қаракерей Қабанбай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қаракерей Қабанбай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2536
Күн туса ел басына әлде қандай,
Атойлап атқа қонған ер Қабанбай.
Жаратып Тәңір өзі жаннан бөлек,
Сүйегін шар болаттан сомдағандай!

Қайырмасы:
Қазаққа қорған­-қамалдай,
Қалмаққа төнген зауалдай,
Айқаста аруақ шақырған,
Алысқан жауын жапырған,
Қаракерей Қабанбай!
Атағы жерді жарғандай,
Айбыны көкті алғандай –
Бабалар, сендер болмасаң,
Даланы қорғап қалмасаң,
Болады бүгін ел қандай?!.

Атылған жолбарыстай жауға жастан,
Ерлігі Ерасылдың елден асқан.
Даланы Дарабоздың даңқы тербеп,
Ұрпағы жырға қосқан, әнге қосқан.

Қайырмасы.

Тұлпарлар кең далада салып ойнақ,
Батырлар жауға шапқан «Абылайлап!».
Бабалар, аруағыңнан айналайын,
Қан кешкен қалың елдің қамын ойлап!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракерей Қабанбай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаракерей Қабанбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракерей Қабанбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракерей Қабанбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері