Шырқа, наурыз!
Бұл бетте «Шырқа, наурыз!» атты Несіпбек Айтұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Жайнап мереке ажары,
Қайнап береке қазаны,
Айлап думанды базары,
Келді Наурызым!
Елім жоғын тапқандай,
Өшкен отын жаққандай,
Әлем шалқып жатқандай,
Бүгін шаттық-думан.
Қайырмасы:
Енді бұзылмай антымыз,
Мәңгі үзілмей салтымыз,
Еркін тыныстап халқымыз,
Тойын тойласын!
Шырқа, Наурызым,
Әнің көкте қалқысын.
Шырқа, Наурызым,
Той-думаның шалқысын.
Қонақ толтырып төріме,
Шуақ қондырып жеріме,
Шашып шашуын еліме,
Келді Наурызым!
Көңіл жырлап көктемдей,
Өмір нұрын төккендей,
Бақыт ұшып жеткендей,
Бүгін шаттық-думан.
Қайырмасы.
Кернеп қуаныш, салтанат,
Гүлдей құлпырып шартарап,
Асыл аманат арқалап,
Келді Наурызым!
Көктен алғыс жауғандай,
Қайта шыққан ормандай,
Арал қайта толғандай,
Бүгін шаттық-думан!
Қайырмасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі