Бұл бетте «Есен-Жаңыл» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмір тұрады екен сыйластықтан,
Сыйластық болған жерде қимастық тән.
Өтсе де қаншама жыл, жайымыз бар
Сендермен жүздесетін күнге асыққан.
Десек тe дала тыныш, қала тыныш,
Жер шалғай - мұның өзі жаратылыс.
Тіршілік бағындырып өз заңына,
Ұшарға болмай тұр ғой қанатымыз.
Өмірдің қалып артта өткелдері,
Жастықтың қош айтысты көк белдері.
Алпысқа аман-есен жеттіңіздер,
Дос-жаран күткен сәт бұл көптен бері.
Мерейтой құтты болсын, Есен-Жаңыл!
Сияқты көңілдерің көше - даңғыл.
Өлшеусіз бір-біріңе махаббаттан,
Үлгі алып ұрпақтарың өседі әрбір.
Көңліміз ақ пейілін сақтауда әлі,
Күндердің бірге өткізген тәтті-ау бәрі.
Отырмыз сәлем жолдап Ақ Жайықтан,
Сыйлас пен қимастар деп Ақтаудағы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі