Алыстап барамын жағадан – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Алыстап барамын жағадан» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1012
Кең жалған әр күнін санаған,
Көңілде қобалжу, бар алаң.
Туған жер, көркіңнен көз жазып,
Алыстап барамын жағадан.
Жанары мың толқып қараған,
Жан анам шықпайды санадан.
Желкендей қияда шарықтап,
Алыстап барамын жағадан.
Сыйласқан келгенше шамадан,
Тату дос, қыл өтпес арадан.
Ағайын­бауырлар қол сілтеп,
Алыстап барамын жағадан.
Шалғайды барлауға жараған,
Көгілдір ту тікті бар алаң.
Жастарға жақсылық жол тілеп,
Алыстап барамын жағадан.
Немерем жанарын қадаған,
Тілегі болса екен қалаған.
Болашақ күндерге сәт тілеп,
Алыстап барамын жағадан.
Таңырқап үңілсе сан адам,
Ауылым, кетейін садағаң.
Күрсінтіп жұқарған жүздерің,
Алыстап барамын жағадан.
Асқандай көп төзім шамадан,
Жасқандым жүректе жарадан.
Артымда, туған ел, сені ойлап,
Алыстап барамын жағадан.
Қызғандай асау күй сағадан,
Толғаныс күш берді жаңадан.
Оралып келермін дегім кеп,
Алыстап барамын жағадан.

31.08.1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыстап барамын жағадан өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Алыстап барамын жағадан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыстап барамын жағадан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыстап барамын жағадан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері