Сәлемдемең келіпті

Бұл бетте «Сәлемдемең келіпті» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 476
Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Ағажан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті сәлемің жоқ.

Құдірет білсең ғажап сезімде екен,
Жыр жазып алас ұрған кезім бөтен.
Хат салмай сәлемдеме салғандығым,
Амандықтың куәсі дедің бе екен?!

Құшақ-құшақ қойнына сырды ап қалған,
Дауысыңды әдемі тыңдап қанған,
Сәлемдемең. Ол дағы тіл қатпайды,
Саусағыңмен әдемі құндақталған.

Бірде жанып, бір кезде өшкіндедім,
Сол шағымды сезген жоқ ешкім менің.
Хат келер деп тәп-тәтті үмітке еріп,
Көктеменің өткіздім көп күндерін.

Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Аға жан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті, сәлемің жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлемдемең келіпті өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сәлемдемең келіпті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлемдемең келіпті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлемдемең келіпті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері