Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Меңіреу уақыт,
Қабағыңды аш, қалғыма,
Әкелемін жақсы адамды алдыңа.
Нағашыбай дәстүр сыйлар от берді,
Құлагердей өзі мерт боп қалды да.
Тереңдікпен өзгелерден болды ірі,
Адал перзент, шын ойшылдың ол бірі.
Мақтан етіп, есіне ұстап ел жаттар
Жан жарғысын мәңгі сөнбес мол нұры.
Гәп осында: аузы уәлі білгенге,
Ой маржанын сұрыптайтын бір демде.
«Ұлт дәстүрі заңнан биік» дегені –
Аталы сөз жіті құлақ түргенге.
Әумесерді заң жолымен құрықтау,
Мансапқорды майлы төрге жуытпау.
«Құқық – қоғам өресінің өлшемі...»
Дегендерін керек бүгін ұмытпау.
Тебіренбеді ол тарихқа кең жүгінбей,
Көкседі ұлтты жүрер жатқа бүгілмей.
«Өз тіліңде құлшылық ет Құдайға...»
Дегені де ойдың еңлік гүліндей.
Жаңалықтай ақын қосар дастанға,
Дәріс жолын тік көтерді аспанға.
«Студенттің антын» жасап бергені –
Мағжанша сенімі ғой жастарға.
Әр сөзінен адам жақұт тереді,
«Бақытыңның тірегі – отбасы» деп еді.
Махаббаттың желбірейді туындай
«Сұлу қыздың алдында батыр да бала» дегені.

07.04.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шәйкеновтің жан жарғысын оқысақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері