Араздасқан ағайындарға

Бұл бетте «Араздасқан ағайындарға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4523
Отырайық, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп.
Бірімізге біріміз
Қадырменді аға боп.
Төгіліп ән, жырымыз,
Елтірі топ, жаға боп.
Бірімізге біріміз
Ілтипатты іні боп.
Күлім қағып күлеміз,
Қырдың қызыл гүлі боп.
Бірімізге біріміз
Араздықты азайтып,
Жараспай ма мұнымыз.
Отырыссақ наз айтып?
«Алтау ала болғанда,
Ауыздағы кетеді».
Ұйысып бір қорғанға,
Ұғыныссақ не етеді?
«Төртеу түгел болғанда,
Төрге басың жетеді».
Ұқсап жасыл орманға,
Жайқатылсақ не етеді?
Ашып жанның сарайын,
Таң-тамаша, думан боп,
Өтейікші, ағайын,
Туысқан боп, туған боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Араздасқан ағайындарға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Араздасқан ағайындарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Араздасқан ағайындарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Араздасқан ағайындарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері