Ізгілік нышаны – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ізгілік нышаны» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3724
Іні өседі ағасына сүйеніп,
Көкірегінен күмбір-күмбір күй өніп.
Бірін-бірі қолдап-қорғап жүретін,
Аға-ініге басымызды иелік.
Балдың дәмін білмейсің ғой, жемесең,
(Бір тың теңеу таппадың ба деме сен).
Бір үлкен іс тындырғандай боламын,
Сүрінгенді қолтығынан демесем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері