Қысқы таңда – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қысқы таңда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Бала едім ғой, пәк едім ғой онда мен,
Өмірдің бар қызығына шөлдеген.
Қос ат жеккен шойын табан шанамыз
Қалқып келе жатты қысқы жолменен.
Есіңде ме көбелек қар, бала қыз,
(Өткен күндер көрмегенге бәрі аңыз).
Қысқы таңда санамызды сиқырлап,
Сырнай тартып келе жатты шанамыз.
Ақ боранға ашып тастап кеудені,
Ақ тоныңмен қымтап едің сен мені.
Әсем әннің қайырмасын ысқырып,
Өзің ұстап отырғансың делбені...
Өкініштің бораны өксіп ішімде,
Сол суретті көрем кейде түсімде.
Сонда екеуміз ат шанамен қалқып бір
Келе жаттық ақ сағымның ішінде...
Аяңдаған аттың жалын қар шалды,
Алдымыздан қиял-арман қарсы алды.
Қысқы қала күмбезденіп алыстан,
Көк аспанға көтеріліп ән салды...
Қос көңілге біткендей-ақ жыр – қанат,
Тұрды дүние екеумізді сырға орап.
Жол үстінде жауып жатқан жұлдыз қар
Еріп бара жатты үстіңнен сырғанап...
Өтті жылдар, ұмыттың-ау сен мені,
Қариды қыс сағыныш боп кеудені.
Тағдыр жеккен ат-шанада сен емес,
Басқа біреу отыр қағып делбені...
Жолға шықсаң, еске алмайсың сен мені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы таңда өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қысқы таңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы таңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы таңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері