Кезек – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Кезек» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 1
  • 2418
Кезегімен күн батып, түн болады,
(He қымбат бар десек тe таң нарқын).
Кей уақытта көңілге мұң қонады,
Болсаңдағы қаншама ақжарқын жан.
Бітпеді ме, бітті ме іс келелі,
Қартаясың, көмескі тартып рең.
Күз орнына алмасып, қыс келеді,
Табиғаттың айнымас тәртібімен.


Пікірлер (1)

Сұңғат

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері