Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін

Бұл бетте «Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін,
Жет мейлің, қадіріме жетпе мейлің.
Өзге емес, не істесең де, сен өзімсің,
Өзіме, айтшы, қалай өкпелеймін?..
Тоқтайды тоқта десе кімге уақыт,
Кішкентай көкірегімнен күн жаратып.
Көзсіз шын ғашық болып мен өзіңе,
Жыр жазам, бақытымнан мұңға батып.
Жалындап жан-жүрегім жанады бір,
Оятып өмірімді жаңа дүбір.
Ойлардың жол таба алмай орманынан
Адассам, құшағына алады жыр.
Шыдаймын, бәріне де шыдағанмын,
Бейнесін көру үшін шын адамның.
Жалынып, жылап саған, жалбарынып,
Келмейді сезіміңді сұрап алғым.
Өмірге еркелеймін, жыр жазайын,
Сыр төгіп самал желмен ырғалайын.
Гүліңе басын иген шалқая бер,
Шалқайып аспанымнан туған айым!..
Сезімді ауыстырсаң кекке, мейлің,
Мен сендік қиялымды шектемеймін.
Өртіне өртенермін жүрегімнің,
Жүрекке, айтшы, қалай өкпелеймін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгеріп сенсіз гүлдей, көктемеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері