Өлең, жыр, ақындар

Күн өкпелеп барады

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 551
Оралмай жүр тіліме көптен өлең,
Өлеңсіз жер, жаңғырып көктемеген.
Күн де батып барады көкжиекке
Тіршілікке сыңаймен өкпелеген.
Күйге түскен сияқты күнім ғаріп,
Әнсіз, мәнсіз не керек, сұлуланып.
Өкпелемей қайтеді кей кеудеге
Тарата алмай қойған соң жылу, жарық.
Жылуы жоқ, не керек сұлулығым,
Қонды ұяға өкпелеп күнім, бүгін.
Мекендеген адамзат жер бетінің,
Өз бетімен көрген соң зұлымдығын.
Құдіретті күш келмейді неге, тілге,
(Әлсіздер ғой, алдымен өлетін де)
Қарсақ, қасқыр, түлкіні, қыран бүріп,
Ал, арыстан арқарды жем етуде.
Табанға сап шығармай тағдыр үнін,
Тамшы тамбай, сарғайып қалды гүлім.
Көз жасымды көрсетпей ішке жұттым,
Тым кеш біліп, мен өмір заңдылығын.
Батар күннің қарашы, қарағанын,
Жамау еткен жылуын жараға мың.
Әлсіреген тілімнің таңдайына,
Тамызуға тамшы су жарамадым.
Жата алмастай жолаушы атын тұсап,
Ауру ауа, улы су, «атомды» шақ.
Күн өкпелеп барады, жер бетінен,
Жер астына кірген бір ақынға ұқсап.
Арылмайтын жатқандай сор, бағым да,
Өмір бардай ананың толғағында.
Кімдер тісті, азулы кімдер күшті,
Болады екен әділет сол жағында.
Көңілсізге келе ме, көктем, өлең,
Күзгі желмен жапырағын төккен емен.
Күреңітіп барады, күнім батып,
Тірлігіне түрменен өкпелеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштаспадым

  • 0
  • 0

Қоштаспадым,
Сен-дағы қош демедің,
Қызығы қалмағандай ештеңенің.
Десем де, сенім толы үмітпенен

Толық

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы

  • 0
  • 0

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы,
Кімнің күйіп, мен үшін жаны ауырады?
Бұлт астынан көрінген көк аспандай,
Күн тілеген көңілім жамау бәрі...

Толық

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын

  • 0
  • 0

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.

Толық