Көкті де емдім, көзіммен тасты да емдім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көкті де емдім, көзіммен тасты да емдім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Көкті де емдім, көзіммен тасты да емдім,
Тамшысындай көз жасым, ащы көлдің.
Оқ-дәрімен уланған жер анадай,
Күйін кешем, дәрменсіз “маскүнемнің”,
Мен айтпасам, жер мұңын кім айтады,
Күн айтады, көлеңке мұңайтады.
Өз ұрпағы денесін жер ананың,
Сүйегімен өлгеннің тыңайтады.
Бір кездегі төрімді босаға ғып,
Тас атады, дұшпаным тасаланып.
Құдайсыздар, табынып сыйынады,
Қолдан құдай уақытша жасап алып.
Бұл біреуге, демейді обал, анық,
Жан-жүрегің қансырар, жарланып.
Өрт қояды, басыма, тұлабойға,
Нәрім менен барымды тонап алып.
Әлде кәрі, білмеймін, әлде жаспын,
Алданғанды, тағы да алдамаспын,
Ойлануға, шамам жоқ шайқаламын,
Аспанда мас, жерде мас, менде маспын...
Таңды күтіп, о, қанша таудан астым,
Біле алмадым, әлде сау, әлде маспын?
Өмір гүлін өсіріп, адамзаттың
Кудесінен келеді арман ашқым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері