Бұл бетте «Көшеде» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.11.2015
0
0
2405
Көшеде көк мұз - тайғанақ,
Қолымда темір таяқ бар.
Көшеде көп қыз айқабақ,
Барады билеп аяқтар.
Аударды қыздар назарын,
Таяғым құрғыр тықылдап...
Жастық шақ - қайтпас базарым,
Өтіп тe кеткен сықылды-ақ.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі