Жылатып өмір жұбатар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жылатып өмір жұбатар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Жылатып өмір жұбатар,
Келіс, мейлің, келіспе.
Тірінің бәрі күнәһар,
Өлгеннің бәрі періште...
У- шуына базардың,
Барады бәрі асығып.
Жібіне бір күн ажалдың,
Қаларын білмей асылып.
Жүрек без бе, темір ме,
Мұнарға тұр батып тау.
Өлімі бар өмірге –
Келмеген жан бақытты-ау!
Бірі жанып, бірі өшкен,
Жұлдызды кім танымақ?
Тірілерге тірескен,
Араша түсші «аруақ»!
Дүниеде мына, тар,
Жету қиын жеңіске.
Көңілім кейде күнәһар,
Өлімім бейне періште...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері