Өлең, жыр, ақындар

Үнсіз тынып уақытқа кеткен есем

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Үнсіз тынып уақытқа кеткен есем,
Есем кетсе, көктеммен көктемес ем.
Тіл қатпаймын, күлмеймін, үндемеймін
Көңілім қалып, бір досқа өкпелесем.
Бойлап өспес жылусыз, күнсіз балаң,
Кім емдейді, жүректі бұл сыздаған.
Тасқан көңіл тез қайтып арнасына,
Неге екенін білмеймін, үнсіз қалам.
Тау мүжіліп, о, қанша бұлақ ақты,
Өкінішпен кей таңым жылап атты.
Неге өкпелеп қалдың деп, үнсіз кетсем,
Үнсіздіктің сырын дос сұрамапты.
Уақыт берер мен үшін жауапты ерек,
Кеңдік керек, ұшуға қанат керек.
Бөлсе мейлі, шет қағып, елім анам,
Анасынан кете ме, бала өкпелеп...
Қайталаған шыңдағы шынар әнін,
Үкілеген үміті ем бір ананың.
Білгің келіп сырымды о, туған ел,
Үнсіз кетсем, себебін сұрамағын.
Ояу ойға жыр дәнін сепсем өнер,
Өмірімді сенбесең, тексере бер.
Еркеліктен өкпелеп жатыр дерсің,
Бір күні елім, мен үнсіз кетсем егер...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн тұрғанда басымда

  • 0
  • 0

Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.

Толық

Көктемгі жаңбыр, сағындым сені, шөлдедім

  • 0
  • 0

Көктемгі жаңбыр, сағындым сені, шөлдедім,
Қалыпты қаңсып, жырға да толы шөлмегім.
Алғашқы жаңбыр бетіме келіп тигенде,
Жанғандай болды қуаныштан сөнгенім.

Толық

Қоғадай жүрген иіліп

  • 0
  • 0

Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар