Отандасым, келдің бе? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Отандасым, келдің бе?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1270
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Қарлығаштай қияннан,
Келдің ұшып, бауырым.
Ата қоныс ұяңнан,
Қарсы алады қауымың.
Түсіп тағдыр тезіне,
Домалап ең доптай боп,
Көрінді ме көзіңе,
Отан-ана оттай боп!
Сендерді ойлап күрсініп,
Сағынбайды дейсің бе?
Туған жерде тіршілік,
Табылмайды дейсің бе?!
Тиген кезде табаның,
Туған жердің төсіне.
Жасқа толып жанарың
Нелер түсті есің
Нелер түсті есіңе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері