Бұл бетте «Шыңдағы шынарым-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Гүлнар Дәукенова
Түсіме енесің де,
Жақындап келесің де,
Кетесің сағымданып,
Әлде бұл елесің бе?
Мен жалғыз қала берем
Махаббат кемесінде,
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Тәнімді тербегендей,
Жанымды емдегендей.
Бір күш бар таңғажайып,
Сен десе селдегендей.
Бейтаныс бақыт құсым,
Сезінші сен де мендей.
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Бір шың бар арамызда,
Бір сыр бар санамызда.
Тек сырттай ғашық болып,
Тіл қатпай қаламыз ба?
Табысып әлде біздер,
Бақытты боламыз ба?
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі