Айгүлім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айгүлім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2819
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Қазақтың сен қызы емессің жай бірі,
Үнің мақпал, жанарыңда ай нұры.
Аққу болып қондың менің көліме,
Аялайды арманымның айдыны.
Айгүлім менің, Айгүлім,
Аспандағы ай-күнім!
Елімнің сен бақытына туыпсың,
Тыным таппай ата жолын қуыпсың.
Ойға шуақ, бойға қуат беретін,
Тау суындай мөлдір, таза, тұнықсың!
Айгүлім менің, Айгүлім,
Аспандағы ай-күнім!
Шұғыласын төкпесе егер көкте күн,
Жүрек сыры актарылмас теп-тегін.
Бақытымның аспанында қалықтап,
Әнге салып, қайта түлеп көктедім!
Айгүлім менің, Айгүлім,
Аспандағы ай-күнім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері