Ғасыр мұқабасындағы жырым – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Ғасыр мұқабасындағы жырым» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Рухани әлемнің гүлін дәптеріме ектім,
Бұл дүниелік зар өшсін, - деп.
Шерім – мың домбыра еді, төктім,
Ойлылар кешсін, - деп.

Ғасырдың мұқабасындағы жырым
Иләһи таңба боп, қалар ма?
Жарқ етіп, туған күнім
Алтын ғасырда жанар ма?

Жүрек боп, оянған әлем
Жүректердің дертін өртеп кетер!
Сазыма боянған әлем
Жан қуанышын тербеп өтер!

Әлди-алақаныма әлемді салып,
Тербетіп отырармын ба?
Төменде барады, жер енді қалып,
Бір нүкте боп, ақын алдында!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері