Алтын аспан – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Алтын аспан» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 798
Бір орманды жұтып ап,
Теңселеді, жыр-жапырақ ішімде.
Түн пердесін тұтып ап,
Рухым құбылады, тауыс түсінде!

Тау көтерген басым-ай,
Жасылымнан жүректерге гүл егіп.
Күн өтеді, осылай,
Науқасымнан бір тіріліп, бір өліп...

Толқынымнан шайқатылып, жер жасыл,
Жан-гүлімнен сыңсып кетсе, жақын бақ.
Даусым түнді жарғасын,
Күн шықты да тұрып алды, лапылдап.

Сөніп болғам! Енді Күнмін, мәңігілік!
Азабымнан алтын аспан жасағам!
Көк төсінде жырым тұрар, жаңғырып,
Иманымнан ескерткіш қып, қашаған!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері